Халықпен байланыс арналарын кеңейту аясында Қор Еуразиялық банкпен МӘМС туралы ақпарат алу үшін банктің мобильді қосымшасында сервистерді құру жөнінде өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Еуразиялық банктің әр клиенті үшін МӘМС жүйесіндегі мәртебесі, сондай-ақ төлемдердің жүйелілігі туралы ақпарат қолжетімді болады. Қажетті техникалық жұмыстар 2024 жылдың соңына дейін жүргізіледі.
«Қазір Қор сақтандырылмаған қазақстандықтарды МӘМС жүйесіне тарту бойынша ғана емес, сонымен қатар сақтандырылған және медициналық қызметтерді алатын азаматтарды да назарда ұстайды. Біз азаматтардың МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу бойынша құқығын арттыру мақсатында кері байланыс арналарын кеңейтудеміз», – деп атап өтті Қордың заңды және жеке тұлғалармен жұмыс жөніндегі директоры Сабина Бектубаева.
Еуразиялық банкпен меморандумға қол қою Банк клиенттері үшін МӘМС туралы ақпараттың қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған. Ұзақ мерзімді перспективада пациенттерге қамқорлық көрсету және МӘМС жүйесінде «сақтандырылған» мәртебесін жоғалтудың алдын алу мақсатында банк клиенттеріне МӘМС-ке ай сайынғы төлемдердің уақытылы түспегені туралы алдын ала хабарлама жіберу жағы қарастырылуда.
«МӘМС аясында клиенттерімізге арналған жаңа сервистерді іске қосу – олардың барынша хабардар болуын әрі қорғалуын қамтамасыз етуге маңызды қадам. Бұл біздің миссиямыздың бір бөлігі – заманауи технологиялық шешімдер арқылы клиенттердің әл-ауқатын арттырып, оң өзгерістер жасау», – деп атап өтті Еуразиялық банктің басқарма төрағасы Ләззат Сатиева.
Айта кетейік, қазір МӘМС мәртебесін тексеру функциясы үш банктің – Kaspi Bank, Halyk Bank, ЦентрКредит Банкі қосымшаларында қолжетімді.
Сонымен қатар, біздің msqory.kz ресми сайтымызда да мәртебені қарау мүмкіндігі бар. Еліміздің 14 өңірінде МӘМС туралы ақпаратты бірыңғай анықтамалық қызмет операторлары ұсынады (мысалы: Астана, Қызылорда, Павлодар, Көкшетау, Тараз – 109).
Еске сала кетейік, егер медициналық көмек алу мүмкіндігі болмаған жағдайда, кез келген адам біздің сайтқа, Qoldau24 мобильді қосымшасы немесе E-otinish арқылы өтініш қалдыра алады.
Еуразиялық банктің әр клиенті үшін МӘМС жүйесіндегі мәртебесі, сондай-ақ төлемдердің жүйелілігі туралы ақпарат қолжетімді болады. Қажетті техникалық жұмыстар 2024 жылдың соңына дейін жүргізіледі. «Қазір Қор сақтандырылмаған қазақстандықтарды МӘМС жүйесіне тарту бойынша ғана емес, сонымен қатар сақтандырылған және медициналық қызметтерді алатын азаматтарды да назарда ұстайды. Біз азаматтардың МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу бойынша құқығын арттыру мақсатында кері байланыс арналарын кеңейтудеміз», – деп атап өтті Қордың заңды және жеке тұлғалармен жұмыс жөніндегі директоры Сабина Бектубаева.
Еуразиялық банкпен меморандумға қол қою Банк клиенттері үшін МӘМС туралы ақпараттың қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған. Ұзақ мерзімді перспективада пациенттерге қамқорлық көрсету және МӘМС жүйесінде «сақтандырылған» мәртебесін жоғалтудың алдын алу мақсатында банк клиенттеріне МӘМС-ке ай сайынғы төлемдердің уақытылы түспегені туралы алдын ала хабарлама жіберу жағы қарастырылуда.
«МӘМС аясында клиенттерімізге арналған жаңа сервистерді іске қосу – олардың барынша хабардар болуын әрі қорғалуын қамтамасыз етуге маңызды қадам. Бұл біздің миссиямыздың бір бөлігі – заманауи технологиялық шешімдер арқылы клиенттердің әл-ауқатын арттырып, оң өзгерістер жасау», – деп атап өтті Еуразиялық банктің басқарма төрағасы Ләззат Сатиева. Айта кетейік, қазір МӘМС мәртебесін тексеру функциясы үш банктің – Kaspi Bank, Halyk Bank, ЦентрКредит Банкі қосымшаларында қолжетімді.
Сонымен қатар, біздің msqory.kz ресми сайтымызда да мәртебені қарау мүмкіндігі бар. Еліміздің 14 өңірінде МӘМС туралы ақпаратты бірыңғай анықтамалық қызмет операторлары ұсынады (мысалы: Астана, Қызылорда, Павлодар, Көкшетау, Тараз – 109).
Еске сала кетейік, егер медициналық көмек алу мүмкіндігі болмаған жағдайда, кез келген адам біздің сайтқа, Qoldau24 мобильді қосымшасы немесе E-otinish арқылы өтініш қалдыра алады.
09.09.2024
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
Қазақстан денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуде
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ денсаулық сақтауды қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуге дайындықтың бірінші кезеңін аяқтады.
Жүргізіліп жатқан
трансформация мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, денсаулық
сақтау...
08.07.2026
БАНКТЕРДІҢ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРЫНДАҒЫ PUSH-ХАБАРЛАМАЛАРДАН КЕЙІН 835 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы push-хабарламалар жіберу жолымен азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәртебесі туралы хабардар ету сервисінің жұмыс нәтижелеріне талдау жүргізді.
02.07.2026
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСТІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН ҚҰРАМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Кездесу Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
23.06.2026



